«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіп кешен субъектілерін қаржыландыруға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. 2024 жылы бұл мақсаттарға 140 миллиард теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр. «Кең дала» бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мерзімі – келесі жылдың 1 наурызына дейінгі аралықты қамтиды. Шаруашылықтар қаржы ұйымдарынан жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-ды (ЖТСМ 5%-дан) құрайтын несие рәсімдей алады. Фермерлер өтінім беру үшін қажетті құжаттарды жинап, Қазақстан Халық банкінің, Банк Центр Кредиттің, несие серіктестіктерінің, микроқаржы ұйымдарының кеңселеріне барулары қажет. Анықтама телефоны 5353.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады