Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауа райының қолайсыздығынан сақтандыру

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бері Агроөнеркәсіп кешені саласындағы сақтандыру ерікті негізде жүзеге асырылып келеді. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру өнімдері топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артық болуына негізделген тәуекелдерді қамтиды.

Мәселен, 2023 жылы 279 мың га егіс алқабы құрғақшылық пен топырақтағы артық ылғалдан сақтандырылды. Бұл ретте фермерлердің сақтандыруға жұмсаған шығындары небәрі 330 млн теңгені құрады. Сақтандыру сыйақысының қалған бөлігі – 1 319 млн теңге мемлекеттік субсидия есебінен төленді.

Егін егу және жинау кезеңінде қолайсыз ауа райының салдарынан сақтандыру компаниялары егіс алқаптарын сақтандырған фермерлердің пайдасына 3 782 млн теңге төледі, оның ішінде:

- топырақ ылғалы тапшылығынан сақтандыру өнімі бойынша 2 896 млн теңге (құрғақшылық);

- Егін жинау кезеңінде топырақтағы ылғалдың артық болуынан сақтандыру өнімі бойынша 886 млн теңге.

Бұл сақтандыру төлемдері фермерлерге шығындарын жабуға, соның ішінде несие берушілер алдындағы қарыздарын өтеуге мүмкіндік берді.

Көрсетілген сандар АӨК-дегі сақтандыру жүйесі ауа райының қолайсыздығына тап болған шаруаның шығындарын жабуға кепілдік беретінін және бұл механизм фермердің пайдасына тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді.

Айта кету керек, отандық сақтандыру компанияларының тәуекелдерін халықаралық компаниялар қайта сақтандырады. Бұл – сақтандыру жағдайы туындағанда фермердің тиесілі төлемдерін алуына кепілдік береді.

Сонымен қатар, шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемдерін алуға дейінгі барлық рәсімдер Kezekte.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисі арқылы онлайн түрде іске асырылады.

Тәуекелдерін сақтандыру үшін фермерге тек интернет және ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қажет. Қолданыстағы сақтандыру платформасы кез келген азаматқа қолжетімді және өте ыңғайлы.

Сақтандыру жағдайын тіркеу күнделікті космомониторинг арқылы іске асады және жүйе адами факторсыз дербес жұмыс істейді. Соның нәтижесінде сақтандыру төлемдерінің мөлшері есептеліп, белгіленеді.

Ылғал тапшылығы бойынша сақтандыру төлемдері фазалық сақтандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ай сайын жүзеге асырылады.

Сақтандыру сыйақысының 80%-ы мемлекеттік қолдау арқылы субсидияланады. Ал фермер жалпы соманың 20%-ын ғана төлеп, сақтандыру полисін сатып алады.