Биыл фермерлер 322 мың гектар егіс алқабын құрғақшылықтан, 126 мың гектарды қалың жаңбырдан сақтандырды. Сақтандыру сыйақысы 3 млрд теңгені құрады, оның 2,4 млрд теңгесін мемлекет субсидиялады. Қазіргі уақытта топырақ ылғалының тапшылығына қатысты жасалған шарттар бойынша сақтандыру кезеңі басталды. Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешені саласындағы оператор ретінде сақтандыру қызметін көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарға арналған өсімдік шаруашылығындағы индекстік сақтандыру өнімдері топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артық болуына негізделген тәуекелдерді қамтиды. Біздің шарттағы агроөнеркәсіп кешенін сақтандыру – бұл егіншілік саласындағы тәуекелдер. Соңғы төрт жылдағы құрғақшылық пен егін жинау кезеңінде шамадан тыс жауған жаңбырдың салдарынан сақтандыру фермерлердің мүлігін қорғауды талап ететін құралға айналды. Айта кету керек, сақтандырудың жаңа жүйесі агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырады. Бұл саланың маусымдық кезеңі ескеріліп, биылға жоспарланған өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру аяқталды.