Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Егінді жаңбырдан сақтандыру мерзімі ұзартылды

Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың жаңа жүйесі аясында өсімдік шаруашылығындағы топырақтағы ылғалдың тапшылығы мен артықшылығының индексіне негізделген бірнеше сақтандыру өнімі жұмыс істейді. Жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көктемгі егіс және күзгі орақ науқанында қуаңшылық пен жаңбырдан егістігін сақтандырады.

Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында топырақтағы ылғал тапшылығынан 171 сақтандыру шарты жасалды. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру шартын жасау мерзімінің шектеулі екенін атап өткен жөн.

14 шілдеде жаңбырдан сақтандыру бойынша шарт жасасу мерзімінің аяқталатынын ескере отырып, «Жусан гарант» СК «Топырақтағы артық ылғал индексін сақтандыру» өнімі бойынша өтінім қабылдау мерзімін 30 шілдеге дейін ұзартуға келісті.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін сақтандыру полисінің құнын арзандату, АӨК сақтандыру нарығына жаңа адамдарды тарту, өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді азайту үшін мемлекет сақтандыру сыйақысын субсидиялайды: аграрийлер үшін сақтандыру полисіне арналған шығындар субсидияның арқасында 50%-ға азаяды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру операторы Аграрлық несие корпорациясы болып табылады. Сақтандыру шартын Agroinsurance ақпараттық жүйесіндегі www.qoldau.kz сайты арқылы жасауға болады.