Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Талғарда балғын асшаян бар

«Фолле Фаарт Центральная Азия» ЖШС директоры Антон Руппо елімізде баламасы жоқ бірегей жобаны қолға алған. Асшаяндарды өсіріп сатумен айналысады. 15 жылдан бері кәсіпте жүрсе де, агробизнеспен айналыспаған кәсіпкер бұл саладағы алғашқы қадамын бірден Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз жобадан бастапты. Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы игі іске ұйытқы болған. 

«Жобаның құны 240 млн теңгеден асады. Жобалық қуаты – жылына 45 тонна өнім өндіру. Толық қуатына осы жылдың қараша, желтоқсан айында шығамыз. Жобаның ерекшелігі, Таиландтан немесе басқа елден әкелінген өнімдер емес, жаңа ғана ауланған балғын асшаяндар болады. Нарықта бұған сұраныс көп», - дейді «Фолле Фаарт Центральная Азия» ЖШС директоры Антон Руппо. 

Әзірге, бірегей өндіріс өнімін Алматы қаласына шығарып отыр. Болашақта жобаның екінші кезеңін іске қосқанда өнімін экспорттамақ. Бұған нарыққа мүмкіндігі мол. Аквакультурадан ішінара алынған технологияда биосүзгі қызметін пайдалану арқылы су қайтара өңделеді. 15 адам жұмыс істейтін ферманы маман даярлау ұстаханасы деуге болады. Бұл елімізде тапшы маман – ихтиологтарды оқытуда таптырмас тәжірибе алаңына айналды.