Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Астанада кредиттік серіктестіктердің бірінші Саммиті ашылды

Астанада «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктердің 2024 жылғы бірінші саммиті» ашылды. Саммитті ұйымдастырушылар – «Agro Consulting Company» ЖШС мен «Агроөнеркәсіптік кешеннің кредиттік серіктестіктер одағы» ЗТБ.

Саммиттің мақсаты КС, АШТӨ өкілдерінің мемлекеттік қолдау шаралары, қаржы құралдары, саланы дамыту мүмкіндіктері мен перспективалары туралы хабардар ету. Сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді дамытудың ықтимал жолдарын көрсету, ауыл шаруашылығы жобаларын бірлесіп іске асыруға мүдделі отандық және шетелдік компаниялар арасында ұзақ мерзімді серіктестікті бір жүйеге келтіру.

Саммит жұмысына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов, Холдингтің басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, кредиттік серіктестіктердің басшылары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және коммерциялық компаниялардың өкілдері қатысуда.