Астанада "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басшы құрамының кеңейтілген кеңесі өтті. Жыл сайынғы директоратқа барлық облыс филиалдардың директорлары қатысты. Қатысушылар 2025-жылдың қорытындысын шығарып, биылғы жылға арналған стратегиялық жоспарларды талқылады. Кездесуде жаңа қаржыландыру бағдарламалары мен АӨК қолдаудың жаңа тетіктері басты тақырып болды. Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аудара отырып, 2026-жылға арналған жұмыстың негізгі векторларын белгіледі. "Өсімдік шаруашылығы бойынша қолданыстағы жеңілдетілген бағдарламалардан басқа, 2026-жылы біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған бекітілген Кешенді жоспары шеңберінде біз жаңа кредиттік өнімдерді іске қосамыз. Бұл саладағы инвестициялық жобаларды жылдық 6% мөлшерлемемен, ал бордақылау алаңдары үшін айналым қаражатын толықтыруды 5%-бен қаржыландыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, элеваторлар мен астық қоймаларын құру/жаңғырту жөніндегі жобаларды, қайта өңдеу, азық-түлік және импортты алмастыру жөніндегі жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде жем-шөп базасының құнын, тиісінше мал шаруашылығының дайын өнімінің түпкілікті құнын төмендету және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өсімдік шаруашылығындағы қарқынды технологияларға баса назар аудару қажет. Қаржылай қолдаудың жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асады деп жоспарлануда", - деп атап өтті Алматы Әшірбеков. Директорат барысында жаңа жылда Корпорация цифрлық трансформация және қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытын жалғастыратыны айтылды. Қазірдің өзінде көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыру тетігі сәтті жұмыс істеуде: өтінімдер күзден бастап қабылданады, бұл фермерлердің егіс науқанына алдын ала дайындалуларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі фермерлердің өтінімдерін неғұрлым жедел қарау үшін кадр саясатын жетілдіру және ішкі процестерді оңтайландыру жайы қаралды.
28.04.2026 Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.