Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Абай облысында Аграрлық несие корпорациясының филиалы ашылды

Абай облысында «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдары ашылды.

Осылайша, өңірде кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер үшін тиімді несиеге өтінім беру жеңілдей түспек. Филиалдардың ашылуы Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандарының шаруалары үшін қашықтықтықты қыстартып, уақыт үнемдеуге және бизнес-процестерін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлибек Қуантыров, «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Нұрболат Айдапкелов, холдингтің еншілес ұйымдарының басшылары, облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, т.б. қатысты.

«Жеті жылдың ішінде Абай облысына кірген аудандарда құны 20 млрд теңге болатын 15 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырдық. Оның қатарында мал бордақылау алаңдарын құру, ет-сүт өңдеу кешендері, тауарлы сүт фермаларды дамыту, асыл тұқымды шаруашылықтар желісін құру секілді елімізді агроөнеркәсіп кешенінің дамуына серпін беретін бірқатар жобалар бар. Бұдан бөлек, 9 несие серіктестікті қаржыландыру арқылы 878 шаруашылық тиімді несие қол жеткізіп отыр.

Жыл басынан бері «Кең дала», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары бойынша Абай облысында 3,3 млрд теңгенің 186 жобасы қаржыландырылды. Аймақтың шаруаларын қолдауды келесі жылы да жалғастырамыз», - деді «Аргарлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Осылайша, бүгінгі таңда Аграрлық несие корпорациясының 16 облыстық және 3 қалалық филиалы орталық аппаратпен бірлесіп 80 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушіге қызмет көрсетеді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалы лизингке ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша қаржыландыру жұмыстарын жалғастырады. Филиалдың клиенттік базасы 650 шаруа қожалығын құрайды. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы компания қызметін белсенді пайдаланушылардың бірі болып табылады. Мұнда 11 айдың ішінде 698 техника лизингке берілген. Жаңа аймақтың әлеуеті зор. ҚазАгроҚаржы ауылшаруашылық техникасының лизингі нарығында ең қолайлы шарттарды ұсына отырып, өз клиенттерінің санын арттыруды жоспарлап отыр.

Абай облысына сапары барысында Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров «Qazaq Astyk Group» ЖШС-і жұмысымен танысты. Компания тазартылмаған май өндірумен айналысады. Өнім Алматы қаласы, Абай, Павлодар, Қостанай облыстары және Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан секілді елдердің нарығына жөнелтіліп жатыр.

«Qazaq Astyk Group» ЖШС-і Аграрлық несие корпорациясы қолдап отырған ірі жобалардың бірі. Жоба құны – 7,4 млрд теңге, оның 5,9 млрд теңгесін корпорация қаржыландырып отыр. Зауыттың өндірістік қуаты күніне 1000 тонна күнбағыс дәнін өңдеуге жетеді. 200 жұмыс орны құрылған.

«Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдарының филиалдары мына мекенжайда орналасқан: Семей қ., Қ.Мұхамедханов көш., 23-а, «Өрлеу» БО.