Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ұлытау облысында «Аграрлық несие корпорациясы»  АҚ филиалы ашылды

Іс-шараға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаев, облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Марлен Набиев және басқа да сала мамандары қатысты.

Заманауи кеңсе қала орталығында орналасқан. Ол жерде азаматтарды 24 қызметкер қабылдайды. Қазіргі уақытта несие рәсімдеу мәселелері бойынша корпорацияның кеңсесіне күніне оншақты адам келеді.

Ұлытау облысындағы филиалдың директоры Ілияс Бекмағамбетов іс-шара қатысушыларына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның несиелеу бағдарламалыры мен оның шарттары туралы айтып берді. Бүгінгі таңда төрт бағдарлама іске асырылып жатыр. Олар: «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «Жастарға арналған шағын несие» бағдарламалары.

«Кең дала» бағдарламасы көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстары кезінде шаруаларды қолдауға бағытталған және ол бюджеттік несие есебінен жүзеге асырылуда. Банктер, несие серіктестіктері және микроқаржы ұйымдары арқылы қаржыландырғанда несие алушылар үшін жылдық мөлшерлеме 5%-ды құрайды.

«Іскер» бағдарламасы стартап жобалар мен кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша жылдық сыйақы мөлшерлеме 6 пайыз. Несие 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ұлытау облысында 73 кәсіпкер 352 миллион теңгенің несиесін алып үлгерді.

«Агробизнес» бағдарламасы жан-жақтылы. Ол мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жобаларын да қаржыландырады. Несиелер жеке және тартылған коммерциялық қаражат есебінен беріледі. Субсидия есебінен пайыздық мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетілді. Инвестициялық мақсаттағы несиенің максималды мерзімі – 12 жылға дейін. Ұлытау облысында 43 фермер қаржыландырылды. Олар 1,3 млрд. теңгенің несиесін алды.

Ал шағын несиелеу бағдарламасы 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын несие 5 млн теңгеге дейінгі сомада беріледі. Несие шарты бойынша мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейінгі, бизнестің басқа да бағыттары үшін 5 жылға дейінгі мерзім қарастырылған. Биыл аталған бағдарлама бойынша облыс жастарына 85 млн теңгеден астам несие қаржысы берілді.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын есепке алғанда Аграрлық несие корпорациясының жалпы қаржыландыру жоспары 2023-жылы 500 млрд теңгені құрады. Одан Ұлытау облысына 3,2 млрд теңге бөлінді. Бірінші тамыздағы есеп бойынша Аграрлық несие корпорациясының Ұлытау облысындағы филиалы 1,8 млрд теңгеден астам соманың несиесін берді.

Мекенжайы: 010000, Жезқазған қ., Ғарышкерлер көш., 40 А.  Барлық сұрақтар бойынша Ұлытау облысы филиалының өкілі Мейрам Сәбитовке хабарласуға болады, телефон нөмірі: 87077081599.