Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Жамбыл облысына Ирландиядан асыл тұқымды сиырлар — Ангус тұқымды ірі қара малдың алғашқы партиясы әкелінді.

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша кәсіпорын осы ет тұқымының 1000 басын сатып алды. Несиені "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ филиалы арқылы алдық.
"Жамбыл ет" ЖШС ет өндірісіне маманданған және өнім шығарудың айтарлықтай көлемін қамтамасыз етуге ниетті. Сондықтан олар мұнда ірі қара малдың ет тұқымын өсіруге назар аударуды ұйғарды. Кәсіпорын директорының орынбасары Бақыт Есқалиевтің пікірінше, бұл жағдайда Ангус тұқымды ет бағытындағы ірі қара мал өте қолайлы.
"10-15 айлық жас жануарлар келді, біз алдымен карантинге жібереміз. Осыдан кейін олар жайылымда болады. Осы уақытта біз жануарларға қамқорлық жасаймыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған, жем — шөп дайындалған, сондай-ақ біз қажетті дәрумендер мен минералдарды қосамыз", - дейді Бақыт Есқалиев.
5 қыркүйекке дейін "Жамбыл ет" ЖШС-не қалған 600 бас ірі қара мал әкелінуі тиіс, ол да карантиннен кейін жайылымға жіберіледі.
Шаруашылықта жазда мал болатын Жамбыл ауданында 1000 гектар жайылым бар. Қыс мезгіліне арналған жемге келетін болсақ, ол қазірдің өзінде жеткілікті мөлшерде сақталған.
"Ангус тұқымды ірі қара малдан басқа, біз болашақта етті-сүтті бағыттағы симментал тұқымды мал сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бізде сүт өндіруге жағдай жасалған. Бірақ бұл әзірше жоспарда бар", — дейді "Жамбыл ет" ЖШС директоры Света Шаушенова.
Жас жануарларға күтім жасау ең жақсы ұйымдастырылатынына күмән жоқ. Қазіргі уақытта кәсіпорында 35 адам жұмыс істейді.