«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін ауыл шаруашылығы субъектілерінің өтінімдерін қабылдау және қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, осы бағдарламаның ағымдағы шарттарына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне қаражат бөлуге болатынын хабарлаймыз. VPRiUR. Қосымша ақпарат алу үшін «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдарына хабарласыңыз.