Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Бес биеден басталған бизнес

15 жыл. 200 жылқы. 300 литр қымыз. Хоббиден басталған бизнестің қазіргі жетістігі осы. Жеке кәсіпкер Нұржамал Бақытованың жолдасы атқа мініп, көкпар тартқан атбегі екен. Атқұмар отағасы қымыз өндіруді қолға алған. Елорда іргесінде бие байлап, қымыз ашытқан қожалық бизнесті 5 биеден бастапты. Сұраныс артқасын жылқыны көбейтуді ұйғарған. Ақыры, ойлана келе жеңілдетілген шартпен несие беретін Аграрлық несие корпорациясының қаржысына жүгініпті. 

«2015 жылы 39 млн теңге тиімді несие рәсімдеп, 120 бас бие алдық. Қазір бізде 200 жылқы бар. «Галмарт», «Фермаг» сынды ірі-ірі бірнеше дүкендер арқылы қымызды саудалап отырмыз. Саумалды да сатуға болады, бірақ біз қаладан сәл қашықтамыз. Сондықтан әзірге тек қымыз өндіреміз. Былтыр Дубайдағы «ЭКСПО-2020» халықаралық көрмесіне қатысып, туристерге ұлттық сусын ұсындық», - дейді «Нұржамал» жеке кәсіпкерлігінің басшысы.

Қымыз өндірісі маусымдық болғандықтан қазір көбінесе күзге дейін ғана сауылады. Қысы-жазы бие байлау үшін Аграрлық несие корпорациясынан тағы да несие алып, қылқұйрық санын 2 мыңға жеткізбек. Кенже туған биелерді қыс бойы сауу жоспарға енген. Ысталған «QAZAQ HOUSE» брендімен өндірілген сапалы өнімге еліміздің батыс өңірінен сұраныс көп. Кәсіпкер сол аймақпен қатар, ұлттық сусынды шетелге де экспорттауды көздеп отыр.