Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Кепіл саясатының жаңа нұсқасы 2022 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді

Өздеріңіз білетіндей, несиелеуге қойылатын талаптардың бірі – кепілзаттың болуы. Несиелерді қамту бойынша кепілді қабылдау мәселелерін реттеу мақсатында Аграрлық несие корпорациясы 2022 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енетін Кепіл саясатының жаңа редакциясын әзірледі.

Корпорация отандық агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мақсатында қаржы институттары мен агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландырумен айналысады. Несиелер төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз ету қағидаттары бойынша беріледі.

Корпорация арқылы жобаларды қаржыландыру кезінде кепіл ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік, кепілдемелер (гарантиялар), несиені сақтандыру, мүліктік құқықтар қабылданады.

Кепілге қатысты бірқатар критерийлер бар. Кепіл заты айналымнан алынбаған, басқа тұлғалардың негізгі кепілінде жоқ мүлік болуы керек. Кепіл беруші Қазақстан Республикасының резиденті болуы қажет және құжаттармен расталған мүлікке белгіленген құқығы болуы тиіс.

Кепілге қабылданбайтын мүліктің тізімі бекітілді. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Кепіл саясатына сәйкес азаматтық айналымнан алынған мүлік (иліктен шығаруға жол берілмейтін мүлік), айналысы шектелген заттар (улы, есірткілік және күшті әсер ететін заттар, қару және т.б.), сақтау мерзімі 18 айдан аспайтын материалдық құндылықтар, кредитордың жеке басымен ажырамас байланыстағы мүліктік құқықтар (талаптар) (алименттерді өндіру, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар), тозығы жеткен және/немесе апатты жағдайдағы мүлік, өндіріп алуға жол берілмейтін мүліктің жекелеген түрлері, кепілдікке қойылуы заңмен шектелген басқа да мүлік.

Несиелерді 100% қамтамасыз ету - Кепіл саясатының стандартты талабы болып қала береді. Бұл ретте қамтамасыз ету құрылымындағы өтімді қамтамасыз етудің үлесі қажетті қамтамасыз ету сомасының кемінде 70%-ын құрауы тиіс, қалған үлесті өтімділігі төмен қамтамасыз ету, оның ішінде болашақта сатып алынатын мүлік болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қаржыландырудың келесі түрлері бойынша бұл шектеу төмендетілген. Жаңа ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техниканы, орнатуды қажет етпейтін құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде фермер бастапқы жарна ретінде өзінің жеке қаражатын немесе инвестициялық субсидиялар түріндегі аванстық төлемді сатып алынатын актив құнының кемінде 15% мөлшерінде бере алады. Сатып алынатын активтер құнының қалған 85% - өтімділігі төмен кепілмен қамтамасыз етілуі мүмкін. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші лизингке ұқсас схема бойынша техника мен жабдықтарды ала алады.

Шағын бизнесті қолдау мақсатында Корпорация шағын жобаларға қосымша ынталандыру жеңілдіктерін енгізді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына, құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылығы техникаларын, арнайы техникаларды, биологиялық активтерді сатып алуға 6 миллион теңгеден 100 миллион теңгеге дейін несие рәсімдейтін фермерлер қажетті кепіл сомасының кемінде 30 пайызын құрайтын өтімді кепілдік бере алады. Қалған бөлігі өтімділігі төмен кепілмен қамтамасыз етілуі мүмкін. 100 миллион теңгеден асатын ұқсас жобалар үшін қарыз алушыға немесе кепілгерге қаржылық жағдай бойынша қосымша талаптар қойылады.

Сурет: ccloan.ua