Кеше Ақтөбе облысында болған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев бүгін іссапарын Батыс Қазақстан облысының Сырым, Қаратөбе және Теректі аудандарында жалғастырды. Екі ауданның әкімімен және Несие серіктестік басшыларымен кездесіп, тасқын судан зардап шеккен шаруалардың жағдайын білді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Корпорация тарапынан тиісті шаралар атқарылатынын жеткізді. Атап айтқанда, су тасқынынан зардап шеккен фермерлердің қарыздары қайта құрылымдалып, төлем мерзімдері кейінге шегерілетін болады.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады