Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары «Бекетай баба» шаруа қожалығының жұмысымен танысты

Ұлытау облысына іссапармен барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы филиалының директоры Ілияс Бекмағамбетов және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары Ұлытау ауданындағы Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған «Бекетай баба» шаруа қожалығының көктемгі егін егу жұмысының нәтижесімен танысты. Бұл шаруашылық биыл көктемгі егін егу және күзгі жиын терім жұмыстарына Корпорациядан несие алып, 5 500 гектар жерге бидай мен арпа еккен. Шаруашылықта 5 адам тұрақты жұмыс істейді. Ал егін егу маусымы кезеңінде қосымша 10 адам жұмысқа тартылады.

Бүгінгі таңда Аграрлық несие корпорациясының Ұлытау филиалында фермерлерден «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдануда. Айта кету керек, несиені тікелей Аграрлық несие корпорациясының филиалдарынан немесе кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, микроқаржы ұйымдары және өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы алуға болады.