Негізгі мазмұнға өту

Инвесторларға

Жалғыз акционер

2025 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

Жай акциялар, дана443 859 079
Жай акциялар, үлес %100,00
Привилег. акциялар-
Барлық акциялар, дана443 859 079
Барлық акциялар, үлесі %100,00

Бағалы қағаздар

Жарияланған акциялар саны

477 059 079 дана

Орналастырылған акциялар саны

443 859 079 дана

Акция құны

1 428,54 теңге

Кредиттік рейтингтер

АКК халықаралық рейтинг агенттіктерінің тұрақты бағалауынан өтеді.

Fitch Ratings

BBB

Тұрақты

02.09.2026

Moody's Ratings

Baa2/Prime-2

Тұрақты

04.09.2026

2026 жылғы 2 қыркүйекте «Fitch Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ эмитентінің шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді дефолт рейтингтерін «BBB» деңгейінде, болжамы «Тұрақты» деп растады. Сонымен қатар ұлттық шкала бойынша Корпорацияның ең жоғары «AAA(kaz)» деңгейіндегі кредиттік рейтингі бар.

2026 жылғы 4 қыркүйекте «Moody’s Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін «Baa2/Prime-2» деңгейінде, болжамы «Тұрақты» деп растады. Агенттік бір мезгілде Корпорацияның ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «Aa3.kz» деңгейінде растады.

2025 жылы Sustainable Fitch халықаралық рейтинг агенттігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на 56 балл бағасымен ER3 деңгейіндегі ESG-рейтинг берді. Берілген рейтинг Корпорацияның Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына қосқан үлесін, оның ішінде ауылдағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қолдау арқылы қосқан үлесін көрсетеді.

Кредиттік рейтингтердің екі халықаралық рейтинг агенттігімен расталуы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қаржылық тұрақтылығына және мемлекеттік аграрлық саясатты іске асырудағы стратегиялық рөліне негізделген мемлекеттік қолдау деңгейіне берілген жоғары бағаны көрсетеді. Жоғары кредиттік рейтингтер Корпорацияның Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығын және оның жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ тарапынан көрсетілетін қолдауды білдіреді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың негізгі институттарының бірі болып табылады: агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді және отандық ауыл шаруашылығының дамуына жәрдемдеседі.

Облигациялар

АКК Қазақстан қор биржасында (KASE) облигациялар орналастырады.

KASE-ге өту

Ақпаратты ашу

ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес АКК KASE сайтында маңызды фактілер мен өзге де міндетті ақпаратты ашып көрсетеді.

  • WEB

    Маңызды фактілерді ашу

    Өту →
  • WEB

    Облигация эмиссиясының проспектілері

    Өту →
  • WEB

    Аффилиирленген тұлғалар тізімі

    Өту →
Инвесторларға — АКК