Іскер бағдарламасы кеңейтілді: ең жоғары сома 8 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды
Шағын агробизнесті қолдау аясында АКК Іскер бағдарламасы бойынша ең жоғары лимитті ұлғайтты.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Іскер бағдарламасы бойынша кредиттеу шарттарына енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Кредиттің ең жоғары сомасы 5 000 АЕК-тен 8 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2026 жылғы АЕК 4 325 теңге болғанда, бұл шамамен 34,6 млн теңгені құрайды.
Іскер бағдарламасы ісін жаңадан бастаған аграршыларға, ауыл кәсіпкерлеріне және жеке қосалқы шаруашылық иелеріне арналған. Негізгі шарттар: - Мөлшерлеме: жылдық 6%, аз қамтылған және/немесе көпбалалы отбасы мүшелері үшін — 4% - Мерзімі: көпшілік мақсаттар үшін 60 айға дейін, мал шаруашылығы үшін 84 айға дейін - Кепіл: жылжымалы мүлік немесе кепілгерлік - Қарау мерзімі: 7 жұмыс күніне дейін


