Негізгі мазмұнға өту

Селекция және тұрақтылық: «Кең дала» «Сандықтау» ЖШС-іне ауа райының құбылмалылығын еңсеруге қалай көмектесті

Сандықтау» ЖШС директоры Жамұл Мұсхановтың бүкіл өмірі ауыл шаруашылығында өтті. Қазақтың ақбас тұқымының екі зауыттық желісінің авторы мал шаруашылығымен қатар дәнді дақылдар өсіруді де басқарады. Биыл әлемдік нарықтағы көптеген қиындықтар мен табиғи апаттарға қарамастан, шаруашылық сабырлы жұмыс істеп отыр: қажетті қаржыландыруды 2025 жылдың соңында-ақ «Кең дала» бағдарламасы аясында алған.