Негізгі мазмұнға өту

Отбасылық істің 17 мың гектары: аграрлар әулеті «Кең дала» арқылы бизнесін кеңейтуде

Жанат Комбатуров атасы мен әкесінің ізімен ауыл шаруашылығымен үшінші буында айналысып келеді. Бүгінде «Шортанбай-2019» ЖШС-ін басқарады. Шаруашылық биыл 17 мың гектар егін екті. Мұндай ауқымда үшінші жыл жұмыс істеуге «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламаларының құралдары мүмкіндік беріп отыр — егіс науқанын өткізуге де, орақ науқанына дайындалуға да.