Мал шаруашылығынан қайта өңдеуге дейін: Ұлытауда агробизнес қалай дамып келеді
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысындағы филиалы өңірлік бизнесті қолдау көлемін арттыруда. 2023 жылдан бастап филиалдың несие портфелі 9,4-тен 11,6 млрд теңгеге дейін өсті. Бүгінгі таңда мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан бастап ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнімдерін өндіруге дейінгі агробизнестің түрлі сегменттеріндегі жобалар қаржыландыру алуда. Соңғы бір айдың ішінде ғана филиал Жаңаарқа ауданында екі жобаны — «Берікбол» фермер қожалығын және «AL-AN2020» ЖШС-ін қаржыландырды.
«Берікбол» фермер қожалығы ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен, бордақылаумен және өткізумен айналысады. Қожалық Жаңаарқа ауданындағы ең ірі бордақылау шаруашылықтарының бірі болып табылады. Бүгінде мұнда 470 бас ірі қара мал және 64 жылқы ұсталады. ФҚ иелігінде 1 280 га ауыл шаруашылығы жері бар, ал 18 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шаруашылықтың жеке өндірістік базасы бар. Сондай-ақ аумақта жеке сою пункті жұмыс істейді.
«Берікбол» қызметінде жергілікті шаруа қожалықтарынан жас малды сатып алу ерекше орын алады. Аудан фермерлерінің едәуір бөлігі өсірілген жас малды кейіннен бордақылау және одан әрі өткізу үшін осы шаруашылыққа сатады.
Екінші жоба — «AL-AN2020» ЖШС, бұл Жаңаарқа ауданында 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Кәсіпорын нан-тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік және кулинариялық өнімдердің кең ассортиментін шығарады. Өндіріс жеке нан зауытында жұмыс істейді.
Дайын өнім жеке супермаркет арқылы өткізіледі және шарттар бойынша заңды тұлғаларға жеткізіледі. Тұтынушылар арасында балабақшалар, ұйымдар және басқа да корпоративтік клиенттер бар. Сатудың негізгі көлемі жеке тұлғаларға тиесілі.
Негізгі құралдарды сатып алу бағыты бойынша «Агробизнес» бағдарламасы аясындағы қаржыландыру кәсіпорынға өндірістік базаны дамытуға және өзіндік өнім шығару көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
«Ұлытау облысы 2022 жылы құрылды, біз үшін ең басынан бастап мұнда агробизнесті қолдаудың толыққанды жүйесін құру маңызды болды. АНК филиалы жұмысын 2023 жылы бастады. Осы уақыт ішінде несие портфель өсті, клиенттер базасы кеңейді, қаржыландыру көлемі артты. Бұл ретте біз тек ірі жобалармен ғана емес, сонымен қатар бизнесті дамыту үшін қаржылық қолдау қажет болатын шағын шаруашылықтармен және кәсіпкерлермен де жұмыс істейміз. Мұндай тәсіл біздің клиенттеріміздің түрлі бағыттары мен қажеттіліктерін қамтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Аграрлық несие корпорациясының Ұлытау облысы бойынша филиал директоры Мейрам Құдайберген.
Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру көлемі де едәуір өсті. 2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша облыста барлығы 20 млн теңге сомасына қаржыландырылған болатын. 2026 жылы «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 706 млн теңгеге 10 клиент қаржы алды. Бөлінген қаражат Ұлытау облысындағы егістік алқаптарын 9,7 мың га дейін кеңейтуге ықпал етті. Бұл ретте 2026 жылы Ұлытау облысындағы жалпы егістік алқабы 33 мың га құрайды.
Бүгінде филиал мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудегі жобаларды қаржыландыруды жалғастыруда. Несиелік ресурстар есебінен өңір кәсіпорындары өндірістік базаны жаңартуға, ағымдағы қызметті қолдауға және өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік алуда.



