Негізгі мазмұнға өту

Шаруалар егін жинау науқаны кезінде өнімін қалай қорғай алады

Егістіктерді топырақтың артық ылғалдылығынан сақтандыруға өтінімдерді қабылдау жалғасуда

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ егін жинау науқаны кезеңінде дәнді және майлы дақылдардың егістіктерін топырақтың артық ылғалдылығы қаупінен сақтандыруға өтінімдерді қабылдаудың жалғасуы туралы хабарлайды.

Сақтандыру шартын жасауға өтінімді Kezekte.kz платформасы арқылы 2026 жылдың 30 маусымына дейін беруге болады.

Сақтандыру қорғанысы Абай, Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлері үшін қолжетімді.

Сақтандырудың қорғау кезеңі 2026 жылдың 15 тамызынан 14 қазанына дейін жалғасады және егін жинау кезеңінде топырақтың артық ылғалдылығымен байланысты тәуекелдерді қамтиды.

Өтінім беруден және шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемін алуға дейінгі барлық рәсімдер Kezekte.kz платформадасында орналасқан Qalqan агросақтандыру ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Қатысу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет (ЭЦҚ).

Шаруалар үшін сақтандыру полисінің құны мемлекеттік субсидиялаудың арқасында 80% - ға төмендетілді. Осылайша, фермер сақтандырудың толық құнының 20% ғана төлейді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ аграршыларды сақтандыру қорғанысын ресімдеуді кейінге қалдырмауға және 2026 жылдың 30 маусымына дейін өтінім беруге шақырады.

Шаруалар егін жинау науқаны кезінде өнімін қалай қорғай алады — АКК