Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
 «Елім-ай» экспортқа мал шығарды

Аграрлық несие корпорациясының клиенті – «Елім-ай» шаруа қожалығы Өзбекстанға 700 бас ірі қара жіберді. Олар ет өнімдерін өндіру үшін Ташкент облысына жеткізіледі, деп хабарлайды eldala.kz Абай облысының әкімдігінде сілтеме жасап.

"2019 жылы Өзбекстанмен келісімшартқа отырдық. Бүгін біз алғаш рет салмағы 600-700 кг болатын ангус, симментал, герефорд сияқты асыл тұқымды бұқаларды экспортқа жібердік. Келесі жылы мал басын көбейтіп, Араб елдеріне, Иран мен Қытайға экспортқа шығуды жоспарлап отырмыз", - деді "Елім-ай" шаруа қожалығының директоры Болат Бекбердинов.

 "Елім-ай" шаруа қожалығы - Қазақстандағы ең ірі шаруалардың бірі. Мал шаруашылығымен қатар, дәнді және майлы дақылдарды өсіре отырып, егіншілікті табысты дамытып жатыр.

https://eldala.kz/kz/novosti/zhivotnovodstvo/13382-kh-elim-ay-eksportirovalo-v-uzbekistan-700-golov-...