Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз өте» акциясын бастады

Аграрлық несие корпорациясы 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасатын «Қарызды өсімпұлсыз өтеу» акциясын бастады.

Акцияға науқан кезеңінде мерзімі өткен берешегі бар, оның ішінде сот шешімі бойынша өндіріп алынатын қарызы бар несие немесе лизинг алушылар (заңды және жеке тұлғалар) қатысып, қарыздарын өсімпұлсыз өтей алады. Тұтынушының несиелік келісімдер немесе қаржылық лизинг шарттары болса, әрбір міндеттеме бойынша өсімпұл сомасы жеке-жеке есептеледі.

Қарыз немесе лизинг алушы бір ғана қарыз шарты (қаржылық лизинг шарты) бойынша келесі төлемдерді толық өтеген жағдайда ғана пайыздарды есептен шығаруға болады. Олар: мерзімі өткен сыйақы, мерзімі өткен негізгі қарыз, мерзімі өткен негізгі борыш бойынша есептелген сыйақы және өсім сомасы.

Ескерте кететін нәрсе, акцияға әр қатысушыда бір рет қана мүмкіндік болады.

Әр тұтынушы 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы қарызын өтей алады.