Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы өкілі I халықаралық агрофорумына қатысты

Қостанай облысында I Аймақтық халықаралық «PRO АгроТехнологии’23» агрофорумы өтті. Оған алыс және жақын шетелден ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген жүзден астам адам қатысты.

Аграршылар ауыл шаруашылығына сандық жаңа технологияларды, мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді талқылады. Агрофорумды ұйымдастырушы Нұрлан Мұхамеджановтың айтуынша, өндіріс орны болсын, менеджмент болсын жаңашыл әдіс енгізу – заман талабы. Сарапшылар майлы дақылдар, жемшөп дақылдарын өсірудің агротехнологиясы, дәнді және дәнді бұршақ тұқымдарының сорттары және оларды өсіру технологиялары, экстремалды жағдайларда және аграрлық бизнестің басқа да бағыттары бойынша "дұрыс" агротехнологиялық карталарды жасау жөнінде бірқатар ұсыныс берді.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев агрофорум қатысушыларына қаржыландыру және инвестициялау мүмкіндіктері туралы баяндап берді. Спикер Аграрлық несие корпорациясы инвестициялық жобаларға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына несие беруді, несие серіктестіктерін, екінші деңгейлі банктерді, микроқаржы ұйымдарын, лизингтік компанияларды қаржыландыруды, ауыл кәсіпкерлігіне шағын несие беруді, сондай-ақ агроқұрылым саласындағы оператор қызметтерін атқаратынын атап өтті.

Аграрлық несие корпорациясының ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру нарығындағы үлесі 76,6%-дан асады: қаржыландырылған үш жобаның екеуі корпорацияның несие желісі бойынша қолдау алды. Қарыз алушылардың жалпы саны - 87 мың. Республикада 263 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші жұмыс істейтінін ескерсек, олардың үштен бірі корпорациядан қаржыландырылатынын есептеу қиын емес.

Биыл корпорация барлық несие бағдарламасы бойынша Қостанай облысына 22,3 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Оның ішінде "Кең дала" бағдарламасы бойынша – 12 млрд теңге, "Агробизнес" бағдарламасы бойынша несие серіктестіктері арқылы – 4,6 млрд теңге, "Агробизнес" бағдарламасы бойынша тікелей несиелеу арқылы – 3 млрд теңге, "Іскер" бағдарламасы бойынша – 1,8 млрд теңге, жастарға кредит беру бойынша – 900 млн теңге беру қарастырылады. Бүгінгі таңда Қостанай филиалы жылдық қаржыландыру жоспарын 14%-ға орындап отыр.

Несиелеу бағдарламалары туралы толық ақпаратты біздің аgrocredit.kz сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарындан таба аласыз.