Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша Шымкент пен Түркістан облысында қаржыландыруды арттырды

Шымкентте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның басқарма Төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Айдын Досқараевтың қатысуымен брифинг өтті.

А.Досқараев өз сөзінде 2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға қарасты «КазАгроФинанс» АҚ-ның несиелік портфелі 1,5 триллион теңгеден асқанын сөз етті.

Шара барысында облыстағы ауыл шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қолдау мәселелері талқыланды.

Атап айтар болсақ, биылғы жылы Аграрлық несие корпорациясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамытуға биылғы жылдың соңына дейін 21 миллиард теңге бөлуді жоспарлағанымен, бүгінге дейін 22 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Бұл ретте «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландыру аясында 2,5 млрд теңге бөлу жоспарланғанымен, облыстағы мақта өсірумен айналысатын шаруалардың өтініштері бойынша, қаржыландыруды 9,5 млрд теңгеге дейін көбейтті.

Сонымен бірге, фермерлермен кездесу барысында А.Досқараев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қолдайтын негізгі бағыттары: тікелей несиелеу, ЕДБ, МҚҰ және лизингтік компаниялар және несие серіктестерін қаржыландыру екенін еске сала отырып, олардың саны Шымкент қаласы бойыншп 20 КТ екенін де айта кетті.

Брифинг барысында еліміздегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында ұсынылып отырған «Кең дала», «Іскер», «Агробизнес» несиелендіру бағдарламаларын және жастарға арналған жеңілдетілген шағын несиелендірудің шарттарымен де таныстырды.


chat-bgov

Кеңес ал!