Итальяндықтар бау-бақша өсіру тәжірибесімен бөлісті Алматыда бау-бақша саласы бойынша салалық семинар өтті. «Кілтті тапсырылған» бақтарды жобалау, сақтау және сұрыптау қоймаларын салу бойынша көшбасшылардың бірі итальяндық Advice&Consulting Srl компаниясы 7 сәуірде қарқынды бақтарды дамытудағы инновацияларды енгізуге арналған семинар өткізді. Спикерлер арасында Advice&Consulting SRL, Salvi Vivai, Fruit Control Equipments, Unitec жетекші итальяндық компанияларының агроном-сарапшылары болды. Семинар «Алма күні – алманы табыс пен күлкіге қалай айналдыруға болады» деп аталды. Өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында жоғары технологиялық процесті құру арқылы өнімді ТМД елдері мен Еуропадағы бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу, бау-бақша саласындағы кәсіпкерлердің тиімділігін арттыру семинардың маңызды мақсаты болды. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев Қазақстандағы қарқынды бау-бақшаны қаржыландыру мәселесіне тоқталды. 2017 жылы Корпорация Алматы және Жамбыл облыстарында жалпы ауданы 170 га және өндірістік қуаттылығы 8,6 мың тонна бау-бақша өсіру бойынша 3 жобаны қаржыландырды. Семинарға Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қатысты, олардың арасында Корпорацияның бірнеше қарыз алушылары да бар.
28.04.2026 Жаздық дақылдарды ылғал тапшылығынан сақтандыруға өтінім қабылдау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін (қоса алғанда) жалғасады.