Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Айдын Досқараев Құрылтайға қатысты

Астанада «Тұрақты болашақ үшін әлеуметтік инновациялар» тақырыбында ауқымды Еуразиялық әлеуметтік кәсіпкерлер құрылтайы өтті. Бизнес өкілдері, блогерлер және әлеуметтік экономиканы дамытуға мүдделі белсенділер, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Үндістан және басқа елдерден келген халықаралық спикерлермен бірге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев қатысты.

Құрылтайдың мақсаты – тәжірибе алмасу, стратегиялық серіктестік орнату, ESG және әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы табысты кейстерді таныстыру үшін көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосу. Құрылтайда әлеуметтік жобаларда бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруға басымдық берілді.

«Бұл әлеуметтік кәсіпкерлікті насихаттаумен байланысты өте маңызды іс-шара. Кәсіпкерліктің бұл түрі әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар коммерциялық компонент есебінен алынған нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінгі іс-шара ірі және орта бизнестің мүмкіндігінше осындай бастамаларды қолдауы тиіс екендігіне арналған», - деп атап өтті Айдын Досқараев.