Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Кең дала» - күріш өсірушілерге көмек

Қызылорда облысындағы «АгроСервис-Жаңақорған» ЖШС-і көктемгі дала жұмысына дайын. Серіктестік басшысы егін салуға ертерек қамданып, былтыр желтоқсан айында Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала» бағдарламасы бойынша 40 миллион теңге жеңілдетілген кредит алған. Бұл қаражатқа жанар-жағар май, тұқым мен гербицид сатып алып дайындап қойды.

«Он жылдай бұрын «Қамқоршы» несие серіктестігіне кірдік. Аграрлық несие корпорациясының көктемгі егіске бөлінген қаржысын осы серіктестік арқылы алдық. Несімен тиімді десеңіз, біріншіден несиені Қызылордаға бармай-ақ, өзіміздің Жаңақорған ауданы орталығында рәсімдедік. Екіншіден, несие серіктестігінен алынған несиенің пайызы төмен. Мысалы, біз жылдық 5% -бен кредит алдық», - дейді «АгроСервис-Жаңақорған» ЖШС-і басшысы Мейіржан Құтыбаев.

«АгроСервис-Жаңақорған» шаруашылығы негізінен күріш, бидай мен жоңышқа егеді. Қожалық басшысы биыл 275 гектар аумаққа ақ алтын егуді жоспарлап отыр. Күздік бидайды былтыр жерге салған. Жоңышқаны көктемде егеді. Серіктестіктің күріш ақтайтын зауыты да бар.

 Биыл елімізде көктемгі егіс жұмыстарына 140 миллиард теңге бөлінгені белгілі. Аграрлық несие корпорациясы қаржыны несие серіктестіктері, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы жылдық 5%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен шаруаларға беріп жатыр. Несиені биыл алған егіншілер 2024 жылдың 1-наурызына дейін қайтаруы тиіс.

 Несие шарттары мен несие серіктестіктерінің байланыс нөмірлері agrocredit.kz сайтында бар.

 @agrocreditkz телеграм-арнасына жазылыңыз. Онда жеңілдетілген несие бағдарламалары туралы пайдалы, өзекті, сенімді ақпарат бар.

 Анықтама:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бері агробизнесті дамыту үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие береді.  

Сурет ашық дерек көздерден алынды