Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Жастар шағын несиесі: мал шаруашылығы,  қызмет көрсету және сауда-саттық саласындағы жобаларды қаржыландыруға өтініштер түсті

Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы 1 айдың ішінде жастардан мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда-саттық саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін жылдық 2,5%-бен берілетін шағын несие алуға 761 өтініш қабылдады.

Атап айтқанда, 485 азамат мал шаруашылығына, 191-і қызмет көрсету саласына, 46-сы сауда-саттыққа, 22-сі жеңіл өнеркәсіп саласына, 9-ы ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге, 8-і өсімдік шаруашылығына несие алуға өтініш берген. Жалпы, 2023 жылы жастарға барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Қарағанды тұрғыны Мөлдір Тайлақова жастар несиесіне өтініші мақұлданған Қазақстандағы алғашқы жас кәсіпкер. Жасы 32-де. Ол «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қарағанды филиалында 5 миллион теңге несие рәсімдеген. Бұл қаражатқа коммерциялық мүлік сатып алып, сән салонын ашпақ.

Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін беріледі. Қатысушылардың «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на өтініш берген уақыттағы жасы ескеріледі. Үміткер 5 жылдан аспайтын мерзімде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

Шағын несиесінің көлемі 5 млн теңгеге дейін, ал мерзімі – кез келген мақсатқа 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Шағын несие алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол несие мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.

Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтініш беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
  3. шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
  4. кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (несие болған кезде);
  5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме), болған жағдайда;
  6. кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
  7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

ШАҒЫН НЕСИЕ:

  • тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
  • бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
  • қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
  • ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
  • моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді, сондай-ақ темекі және\немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
  • кредиторлық берешекті өтеу;
  • бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсатқа БЕРІЛМЕЙДІ.

Шағын несие арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, үміткерлер комиссия отырысында өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.

Осылайша, шағын несие беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.

Қазіргі уақытта шағын несие алуға өтініштер 16 облыста және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қабылданады. Ал, Шығыс Қазақстан облысында өтініш қабылдау жақын арада басталады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдарының мекенжайы https://www.agrocredit.kz/ru/main/contacts/affiliates сайтта көрсетілген.