Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Теріскейлік шаруа техникасын жаңартты

Елімізде 147 мың трактор, 38 мың комбайн және аспалы-тіркемелі біраз ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Қазір соның 76% тозған. Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру – мемлекеттің басым бағытының бірі. Мемлекеттің мұндай қолдауын көрген жанның бірі СҚО, Шал ақын ауданының Мерген ауылындағы Сергей Окунев. 2004 жылы «Гермес Агро» ЖШС құрған фермер егін егіп, мал бағады. Әбден ескірген техникалық паркті жаңартуға қажет қаржыны шаруа адамы Аграрлық несие корпорациясынан алған.

«Ескінің аты ескі, бұл біздің егіс пен орақ науқанын дер кезінде аяқтауға қолбайлау еді. Былтыр жеңілдетілген несие рәсімдеп, екі дана Case IH 6150 комбайнын, екі дана MacDon дестелегішін, екі дана шөп тайлағыш, шөп шабатын машина, бүріккіш т.б. техника алдық. Бұл біздің алғашқы несие емес. Мұның алдында айналым қаражатын толықтыру және негізгі құрал-жабдықты сатып алуға несие рәсімдеген едік. Несие өте тиімді, біз корпорацияның тұрақты клиентіміз», - дейді «Гермес Агро» ЖШС басшысы Сергей Окунев.

2004 жылы құрылған агроқұрылым 10 мың га алқапқа майлы, дәнді және мал азықтық дақылдар егеді. Әрі 650 бас сиыры бар. Жаңа техникалар жиын-терін науқанын дер кезінде аяқтауға мүмкіндік беріп отыр. Бір мезетте бірнеше істі тындыра алатын бұл заманауи, қуатты агротехникалар қазірдің өзінде шаруаның жұмысын ілгері бастырған. Фермер енді егістік алқабын арттыра алады. Ал бұл жолда жоспарын іске асыруға септігін тигізетін сенімді серіктесі, жауапты әріптесі – Аграрлық несие корпорациясы бар.