Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясы қарызы бар шаруалардың айыппұлдарын есептен шығарды

Ағымдағы жылдың тамыз айында «Аграрлық несие корпорациясы» «Тиімді өтеу» акциясының басталғанын хабарлады. Соның аясында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін мерзімі өткен берешекті толық өтеу шартымен 1 қыркүйекке есептелген қарыз алушылар бойынша есептелген сыйақы есептен шығарылды.

3 ай ішінде Корпорацияның 57 қарыз алушысы жалпы сомасы 226 138 284,04 теңгеге мерзімі өткен берешегін өтеп, олар бойынша 18 974 571,47 теңге өсімпұл есептен шығарылды.

Науқан алғаш рет іске қосылды. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, қысқа мерзімді қиындықтарға тап болған ауыл бизнесіне көмектесу, сондай-ақ проблемалық несиелер деңгейін төмендету.