Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясының ұзақ мерзімді рейтингі расталды

2022 жылдың 10 қарашасында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

Бұл растау Fitch-тің ұйымының Корпорацияның ауылшаруашылық өндірушілеріне қолжетімді несие берудегі және ауыл шаруашылығы активтері мен функцияларын біріктірудегі маңызды рөліне байланысты және мемлекетпен бекем қатынаста болуына қатысты тұрақты көзқарасын көрсетеді.

Корпорация «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіреді және агроөнеркәсіптік кешен саласы өкілдеріне қолайлы шарттармен: төмен пайыздық мөлшерлемемен және ұзақ мерзімді несие береді, сол арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Корпорацияның негізгі клиенттері шалғай аудандарда және мүлкі ауылдық жерлерде орналасқан шағын және орта кәсіп иелері болып табылады. Бұл өз кезегінде өзге қаржы ұйымдар тарапынан қаржыландыру қиынға соғатынын білдіреді. Корпорацияның несиелері коммерциялық банктерге қарағанда төмен мөлшерлемемен және қарызды өтеудің ұзақ мерзімімен, сондай-ақ кепілге қойылатын икемді талаптармен беріледі.

Мемлекеттік қолдау Корпорация аясында ауыл шаруашылығын дамытудың барлық институттарын біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, 2021 жылдың желтоқсан айында Корпорацияға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шағын несие ұсынатын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қосылды. Ал 2022 жылдың шілдесінде «Бәйтерек» холдингі Корпорацияға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызмет көрсететін «ҚазАгроҚаржы» АҚ акцияларының 100 пайызын берді (BBB-/Тұрақты).

Корпорация Қазақстанның барлық аймақтарында филиалдар желісі арқылы жұмыс істейді. Ол құрылған күннен бастап ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту мен дамытуға бағытталған түрлі ауқымды мемлекеттік бағдарламаларға атсалысып келеді.