Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков СҚО фермерлерімен кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және тағы басқа да аграрлық салаға қатысты ұйым басшылары Солтүстік Қазақстан облысына барды. Аймаққа іссапар аясында «Егін егу жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» тақырыбында кеңес өтті. Алмат Бүркітбайұлы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру механизмдері туралы түсіндіріп, «Кең дала 2» бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ фермерлердің сұрақтарына жауап берді.

«Кең дала 2» қосымша 300 млрд теңге бөлінген Аграрлық несие корпорациясының жаңа бағдарламасы. Қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады. Фермерлерге несиені тікелей 5%-бен ала алатындай мүмкіндік жасалды. Кепілді мүлкі жетпейтін фермерлер үшін қарыз сомасының 85%-ын «Даму» КДҚ кепілдендіреді.

Сонымен қатар делегация өкілдері Есіл, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов аудандарын аралап, егін егетін бірқатар шаруа қожалықтарына барды.