Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Сүтті мал шаруашылығының әлеуеті жоғары

«КронАгро» ШҚ» ЖШС-нің заманауи жабдықтары мыңнан аса сиырды 3,5 сағатта саууға мүмкіндік береді. Кереку өңірінде 2 жыл бұрын пайдалануға берілген тауарлы-сүт фермасы 45 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, нарыққа жылына 7200 тонна сүт шығарады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі мақсаттардың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет», - деген еді.

Осыдан екі жыл бұрын Павлодар облысының Ақсу қаласында «КронАгро» ШҚ» ЖШС-нің заманауи, автоматтандырылған тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілген еді. Жоба құны – 5,8 млрд теңге, оның жартысын «Аграрлық несие корпорациясы» қаржыландырды. Несиеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, қажетті заманауи құрал-жабдық пен Еуропадан өнімділігі жоғары симменталь тұқымды 1200 бас құнажын сатып алынды.

Фермамыз былтыр қыркүйек айында толық өндірістік қуатына шығып, жобаны жүзеге асырудың өндірістік кезеңіне көшті. Мұнда GEA Westfalia компаниясының соңғы үлгідегі жоғары техникалық жабдықтары орнатылды. 40 бас малға арналған «Карусель» түріндегі сауын залы 3,5 сағатта мыңнан аса сиырды саууға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, малды байлап бағу жабдықтары, суару құрылғылары, көң жинау, сүт салқындатқыш қондырғылары бар, - дейді «КронАгро» ШҚ» ЖШС-нің директоры Дидар Бейсенбаев.

Ферманың өзінде 45 адам жұмыспен қамтылса, компаниядағы жалпы жұмысшы саны 186 адам. Өйткені сүт өндірісімен қатар, кәсіпорында өсімдік шаруашылығы да негізгі бағыт болып есептеледі.

Ұзақ мерзімге жалға алынған алқаптарға шаруашылық өзіне қажетті жем-шөп өсіріп, малға азықты өздері дайындайды. Егін егу науқанынан бастап, оны жинау, жем-азық дайындау, сүт сауып, өткізуге дейінгі өндіріс жолға қойылған. Бұл өндіріске сыртқы факторлардың ықпалын және соған қатысты тәуекелдерді азайтуға септігін тигізеді.   

Жобаны жүзеге асыру барысында қажетті инфрақұрылым жүргізіліп, 2 000 га жер суарылды. Жер қорын оңтайландырып, нарықтағы бағаның ауытқуынан сақтану үшін кәсіпорын картоп өсіріп, оны сыйымдылығы 12 000 тонналық қоймасында сақтайды.   

-  Келесі межеміз – кәсіпорынның өндірістік үдерісін жетілдіру, жем-шөп дайындау мен ірі қараның өнімділігін арттыру. Сүт өндіруде жоғары көрсеткіштерге жету үшін мал басының генетикалық қорын жақсартып отыру керек. Еліміздегі сүтті мал шаруашылығының әлеуеті жоғары деген сенімдемін және бұл бағытта әрі қарай да жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз, - дейді Дидар Бейсенбаев.

Аграрлық несие корпорациясының тағы бір табысты клиенті – «Ақтоғай-АГРО» ЖШС-і. Бұл компанияның тауарлы-сүт фермасы қыркүйек айының ортасында ашылды. Мың бас сиырға арналған ферма Ақтоғай ауданының Жоламан ауылында орналасқан. Жоба құны – 6 млрд теңге, оның 5 млрд теңгесін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ берді.

Жаңа ферма ауыл маңында екі жыл ішінде салынды. Кәсіпорын заманауи құрал-жабдықпен жарақталған және толығымен автоматтандырылған. Жем беру, қорадағы ауа температурасынан бастап сиырларды сауу барысына дейін ІТ-оператор бақылап отырады.

Әзірше Еуропадан симменталь тұқымды 200-ден аса сиыр әкелінді. Қазір олар карантинде, жергілікті климатқа бейімделіп жүр. Жыл соңына дейін тағы 800-ден аса құнажын әкелу жоспарда бар.

Ферма келесі жылы толық өндірістік қуатына шығуды жоспарлап отыр. Жоба бойынша бір сиырдан жылына 10 мың литр сүт алынады. Мамандардың айтуынша, жаңа ферма өңірдің ішкі нарығын 100 пайызға қамтамасыз ете алады.

Кәсіпорында қазір 80 адам еңбек етеді. Мал басы көбейген сайын жұмысшылар саны да жүзге жетеді деп жоспарланып отыр.

Аграрлық несие корпорациясы аграрлық саланы дамытуды көздейтін ірі қаржы институты. Мал шаруашылығын дамыту, соның ішінде тауарлы-сүт фермасын арттыру – Корпорацияның басым бағытының бірі. Қаржы ұйымы еліміздегі 59 тауарлы-сүт фермасының ашылуына атсалысты. Бұл нысандардың жалпы құны 68,4 млрд теңге болса, Аграрлық несие корпорациясы соның 45,2 млрд теңгесін қаржыландырды.

 Анықтамалық ақпарат:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларымен www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады. 

 

 

#АКК # Агрокредит # МТФ