Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
СҚО-да көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөнінде семинар-кеңес өтті

Петропавл қаласында «2025-жылғы көктемгі дала жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу туралы» семинар-кеңес болды. Оған СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары қатысты.

Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына қарыз алушылар үшін агроөнеркәсіп кешенінің барлық секторын жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде болатын жеңілдетілген несиемен қаржыландырады. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша несиені тікелей Корпорацияның филиалдарынан, сондай-ақ несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, екінші деңгейдегі банктер, өңірлік инвестициялық орталықтар мен микроқаржы ұйымдар арқылы ресімдеуге болады.

Аграрлық несие корпорациясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарына 85,5 млрд теңге қаржы қарастырды. Бүгінгі таңда аймақтың егін егетін 386 фермеріне 54 млрд теңгенің несие қаржысы берілді. Бұл қаржыға 776 мың гектар жерді игеріледі.

Кепілмен қамтамасыз ету ретінде қарыз сомасының 85%-ын «Даму» қоры кепілдендіреді. 2025-жылдың көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысының 59 фермеріне «Даму» қорының кепілдігімен 22,6 млрд теңге берілді.


chat-bgov

Кеңес ал!