Сенім телефоны +7 (7172) 91 91 03
+7 (7172) 91 91 03 - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның омбудсмені Кошкимбаев Нияз Женисович (Кодекс талаптарына және/немесе жұмыс барысында туындайтын этикалық мәселелерге қатысты мәселелер жөніндегі, сондай-ақ еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі).
Электрондық мекенжайы: n.koshkimbayev@baiterek.gov.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Екі жылда - екі жүз жылқы

Саналы ғұмырын қуатты құрылымға арнаған қарағандылық Мақсат Тоқмағамбетов зейнетке шыққан соң атакәсіпке бет бұрған. Бір жылда қожалық ашқан, алдына мал салған, техника алған. 2020 жылы көктемде Аграрлық несие корпорациясының қаржысына 100 басқа жуық жылқы және «Беларус» тракторын сатып алыпты. 

«Шаруа қожалығым Қарағанды облысы, Абай ауданы, Ақбастау ауылында. Екі жыл ішінде 100 бас қазақы тұқымды жылқым 210-ға жетті. Жаз бойы өзімнің тракторыммен мал азығын дайындап, қыста жылқыларды қолға ұстаймын. Әсіресе, биелерге күтім керек», - дейді запастағы полковник. 

Құнарлы жем-шөп дайындауға трактормен қатар, өзге де агротехника қажет. Сол жылдың күзінде сенімді қаржылық әріптесі – Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы бойынша соқа, шөп тайлағыш, жинағыш сынды аспалы техникаға қол жеткізіпті. Фермердің ендігі арманы – егін жинауға қажетті комбаин алу. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. 2001 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың басым бағыттары бойынша несие береді. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландырудың көшбасшысы атанып отыр.

Сурет: DalaNews.kz