Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Жүз қойы мың болды

Ақмола облысының Ақкөл ауданы, Азат ауылында еділбай қой шаруашылығы дамып жатыр. Ісін 100 бас ұсақ малдан бастаған шаруа бір жылда қой санын мыңға көбейткен. Бес жылда 5 мыңға жеткізу ниеті бар. Жоспарын жүзеге асыру үшін қожалық иесі Аграрлық несие корпорациясынан көмек сұрады.

«Тoly service» шаруа қожалығының 2 мың гектар жайылым жері бар. Қой жаз бойы шөбі шүйгін аумақта жайылады. Қыста қораға қамалады.

«2019 жылы Азат ауылынан малқора салдық. Маңайдан жүз бас еділбай қойын сатып алдық. Еділбай қойы Ақмоланың қытымыр қысына төзімді. Дене тұрқы ірі, тез көбейеді. Таңдаудың осы қойға түскен себебі сол», - дейді шаруа қожалығының өкілі Айнұр Ташенова.

Саны мыңға жуықтаған қойға қысқы азық керек. Жем-шөп сатып алу үшін шаруашылық биыл Аграрлық несие корпорациясына жүгінген. «Іскер» бағдарламасымен шағын несие рәсімдеп, ақшасына мал азығын алды.

«Қой көбейту үшін «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мал аламыз деп тағы құжат тапсырдық. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін қосымша қаржы сұрадық. Корпорация бизнес-жобаны мақұлдады. Енді іске кірісеміз», - дейді қожалық өкілі.

«Іскер» бағдарламасы бойынша биыл елімізде шаруаларға 35,5 млрд теңге берілді. Соның 613 млн теңгесі ақмолалық шаруаларға тиесілі.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Несиелеу бағдарламасы мен филиалдың байланыс нөмірін agrocredit.kz сайтынан көруге болады.