Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясының клиенттері арасындағы әйелдердің үлесі 30 пайыздан асты

Үш мыңға жуық әйел өткен жылы Аграрлық несие корпорациясынан қаржы алды. Нәзік жандар несиенің көмегімен аграрлық бизнесті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына жатпайтын бағыттағы жобалар: наубайхана, ателье, техникалық қызмет көрсету станциясы, шаштараз, білім беру орталығы секілді бизнес түрлерін табысты жүргізіп отыр.

Елордада өткен «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылды тұрақты дамыту» конференциясы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Ысқақов компанияның бизнес-қоғамдастықпен қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Әйелдер несие бағдарламалары бойынша ірі және шағын бизнеске несие ала алады.

Мысалы, «Кең дала» несие бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын қаржыландырады. Әмбебап «Агробизнес» несие бағдарламасы ауыл шаруашылығы бизнесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді несиелендіреді. Ал, «Іскер» несие бағдарламасы шағын шаруашылықтар мен ауыл кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған.

Өткен жылы корпорация желісі бойынша 14 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, оның ішінде 2991 әйел қолдау алды. Әйелдер тарапынан «Іскер» бағдарламасына сұраныс жоғары. Былтыр несие алған әйелдердің 34%-ы осы несие түрін таңдаған.

Жалпы, жыл басында Аграрлық несие корпорациясының клиенттері арасындағы кәсіпкер әйелдердің үлесі 30% - дан асты.

Естеріңізге сала кетейік, Аграрлық несие корпорациясы облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан филиалдар арқылы, сондай-ақ несие серіктестіктерін, екінші деңгейлі банктерді, микроқаржы және лизинг ұйымдарын, өңірлік инвестициялық орталықтарды қаржыландыру арқылы несиелендіруді жалғастырып жатыр. Несие шарттары agrocredit.kz сайтында бар.