Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Технолог маман наубайхана ашты

Ақтаулық жеке кәсіпкер Лаура Кезбаеваның биылғы ақпаннан бергі кәсібі осы, тұтынушыдан тапсырыс алып, шаруаға бас-көз болып зыр жүгіріп жүреді. Тындырымды тірлігінің арқасында болар, Лаура нарық талабын тап басты. Сан түрлі идеяны ойластырған мамандығы технолог кәсіпкер ақыр соңында өзінің хабары бар наубайхана ашуға тоқталған. Себебі қай кезде де ас атасына сұраныс азаймайды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша Аграрлық несие корпорациясынан өмірімді бірінші рет несие алдым. Бұл қаржыға наубайханаға қажетті құрал-жабдық пен «Любимая пекарня» наубайханасының франшизасын сатып алдық. Ал ғимаратты жалдап отырмыз», - дейді «Аяна» ЖК басшысы Лаура Кезбаева.

Қазір нарықта түрлі қоспа қосылып, сан алуан формада пісірілетін нан өнімі көп. Бірақ халық жиі тұтынатын бөлке нанға деген сұраныс төмендеген емес. Мұнда да сол, өнімнің басым бөлігі – бөлке нан. Бұған қоса, цехте кондитерлік өнімдер де пісіріледі. Бәліш, печенье, тоқаш сынды 30-дан астам түрлі тәтті өнімді ақтаулықтар жақсы біледі. Кәсіпкердің ендігі ойы – наубайхана желісін көбейту.


chat-bgov

Кеңес ал!